Оқиғаларды SIEM жүйесінде экспорттауды конфигурациялау туралы

Барлығын жаю | Барлығын жию

Оқиғаларды Kaspersky Security Center-ден сыртқы SIEM жүйелеріне экспорттау рәсіміне екі тарап қатысады: оқиғаларды жіберуші – Kaspersky Security Center және оқиғаларды алушы – SIEM жүйесі. Оқиғаларды экспорттау, қолданылатын SIEM жүйесінде және Kaspersky Security Center-де конфигурациялануы керек.

SIEM жүйесінде орындалатын конфигурациялар сіз қолданатын жүйеге байланысты болып келеді. Жалпы жағдайда, алынған хабарларды өрістерге жаю үшін, барлық SIEM жүйелеріне хабар қабылдағышты және қажет болса, хабар талдағышты конфигурациялау керек.

Хабар қабылдағышты конфигурациялау

SIEM жүйесі үшін Kaspersky Security Center жіберетін оқиғаларды қабылдау үшін қабылдағышты конфигурациялау қажет. Жалпы жағдайда, SIEM жүйесінде келесі параметрлерді көрсету керек:

Қолданылатын SIEM жүйесіне байланысты, хабар қабылдағыштың қосымша параметрлерін көрсету қажет болуы мүмкін.

Төмендегі суретте, қабылдағышты ArcSight-та конфигурациялау мысалы келтірілген.

ArcSight бағдарламасында алушыны конфигурациялау экраны Конфигурация қойындысында болады. Алушы параметрлері келесідей белгіленеді: Алушы аты – tcp cef, IP/Host сипаты – All, Порт – 616, Кодтау – UTF-8, Көз түрі – CEF.

Қабылдағышты ArcSight-та конфигурациялау

Хабарлар талдағышы

Экспортталатын оқиғалар SIEM жүйесіне хабарлар түрінде беріледі. Содан соң, оқиғалар туралы ақпарат SIEM жүйесіне тиісінше берілуі үшін, осы хабарларға талдағыш қолданылады. Хабарлар талдағышы SIEM жүйесіне кіріктірілген; ол хабарды хабар идентификаторы, маңыздылық деңгейі, сипаттамасы және басқа да параметрлер сияқты өрістерге бөлу үшін қолданылады. Нәтижесінде, SIEM жүйесі Kaspersky Security Center-ден алынған оқиғаларды SIEM жүйесінің дерекқорында сақталатындай етіп өңдеу мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Оқиғаларды SIEM жүйелеріне экспорттауды конфигурациялау

Басына оралу